Меню KDT

1978 жылы мектеп ашылғаннан  мектеп  кітапханасының негізі құрылды. Кітапхана қоры мектептің жаңа ғимараты ашылған күннен бастап және 1936 жылы салынған ескі мектептің , ауданның басқа мектептерінен жіберілген кітаптармен толықтырылып, қалыптасты. Бүгінгі таңда біздің кітапхананың қорында - 3197 дана кітап бар,  соның ішінде 1786 оқулық, 82 электорнды оқулық, дидактикалық және әдістемелік құралдар .

Мектеп кітапханасының міндеттері:

-әлемнің және тұрғындардың мәдениетін балаларға насихаттау

-оқырмандарды әдеби дәстүрлерге баулу, мәдени қызметтің жаңа түрлерін енгізу.

- Оқырмандардың құқықтық, азаматтық, патриоттық, мәдениеттерін қалыптастыру, туған өлкеге, Қазақстан тарихына деген оқырмандық қызығушылықтарын дамыту.

- Салауатты өмір салтын насихаттау

- мектеп оқушыларын, педагогикалық ұжымды білім, мәдени құндылықтар туралы мәліметтермен  мектептің кітапханалық  - ақпараттық ресурстары арқылы қамтамасыз ету.

- адамгершілікке және мәдениеттілікке тәрбиелеу, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, интеллектуалды қабілеттерін дамыту.

- кітапханада жайлылық орнату, ақпараттық  ресурстарға толық және жылдам қолжетімді етуге мүмкіндіктер жасау.

Кітапхананың қызметі:

- Ақпараттық қызмет

- көрмелер, шолу

- ұсыныс тізімдері

- кітапхана сабақтары

- кітап қорымен жұмыс

- оқырмандармен жұмыс

-бұқаралық жұмыс

- кітапхана іс-қағаздарын жүргізу

Кітапхана құрылымы:

-Абонемент (үйге берілетін кітап туралы ақпарат)

- Оқырман залы (үйге берілмейтін энцеклопедиямен, анықтамалармен, кітаптармен оқырмандар жұмыс жасай алатын 10 адамдық орын)

-кітап сақтайтын орын ( 4 жылға дейінгі басылымдар , кітаптар сақталатын орын.)

Бізге, оқушыларға кітапхана не үшін керек?  Кітап оқыған кезде көптеген танымдық қызықты мәліметтер алуға болады. Сонымен  бірге мәдени деңгейің көтерілері, дүниетанымың кеңейеді, көп оқыған адаммен әңгімелескен өте қызықты.  Тыныш және жайлы жерде берілген тақырып бойынша реферат немесе баяндама жазуға толық мүмкіндік туады . Күніне тым болмаса бір сағат кітап оқыған адам өзінің есте сақтау қабілетін дамытады,  өзіңді қызықтыратын кітапты дәл тауып оқысаң есіңде жақсы сақталады. Нақты ақпаратты іздегендіктен, кітап логикалық ойлауды жақсы дамытады. Кітап оқыған кезде сіз барлық кейіпкерлерді, болып жатқан оқиғаны санаңызда елестетесіз. Кітап дауысты, сөздік қорды дамытады.

Кітапты көп оқу керек, оның себептері өте көп, бірақ негізгісі ол адамның миының дамуына өте пайдалы.

Сондықтан достар,  кітапті көп оқыңдар,  мектеп кітапханасы сіздерді әрқашан күтеді!

Список пуст

Опрос

Статистика

  • On month27
  • On week1
  • Yesterday0
  • Today0
  • Online:0

Полезные ссылки