Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жарияланғанына 32 жыл
Қазақстанның Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жарияланғанына 32 жыл толады: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. 15 желтоқсан күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Құрманғали Қ.Е. және Сәбит Д.Е. Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыптық сериясын өткізді.