«Біз салауатты өмір салты үшін» атты спорттық іс-шара
Әрбір адамның басты құндылығы – денсаулық. Баланы мықты, дені сау етіп тәрбиелеу – ата-ананың тілегі және білім беру мекемесінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Салауатты өмір салтын насихаттаудың ең тиімдісі – дене шынықтыру және спорт. Бүгін, 18 қаңтарда мектебімізде білімді дамыту орталығының жұмыс жоспары бойынша төменгі сыныптарда ата-аналармен бірге «Біз салауатты өмір салты үшін» атты спорттық іс-шара өтті.