10-11 сынып оқушылары арасында "Жошы ұлысының 800 жылдығы" атты интелектуалдық марафон өтті
Бүгінгі күнде еліміз Жошы ұлысының 800 жылдық мейрам тойын өткізуге даярланып жатыр. Осыған байланысты әр-бір елді-мекенде іс-шаралар өткізілуде. Біздің мектептеде тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен осыған байланысты іс-шаралар өтті. 10-11 сынып оқушылары арасында "Жошы ұлысының 800 жылдығы" атты интелектуалдық марафон өтті. Бұл шара оқушылар бойында Отанымыздың тарихына қызығушылығын арттыруға бағытталған болатын. Оларды отансүйгіштікке бағыттап, салт-дәстүрді біліп құрметтеуге шақыру, іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі болды. Оқушылар белсене араласып, ел тарихын жетік білетінін көрсетті.