Мектептегі жылдар- бұл ең қызықты және ғажайып жылдар. Өте қызықты. Әсіресе ең алғаш есте қалатын мереке. Әліппемен қоштасу ұмытылмас мектептегі білімге деген жол.
Мектептегі жылдар- бұл ең қызықты және ғажайып жылдар. Өте қызықты. Әсіресе ең алғаш есте қалатын мереке. Әліппемен қоштасу ұмытылмас мектептегі білімге деген жол." Әліппемен қоштасу" дәстүрі біздің мектепте бірінші сынып оқушылары арасында жылда өткізіледі. Мерекеге тек бірінші сынып оқушылары ғана емес, 5-8 сынып оқушылары және де ата-аналары қатысты. Осы мерекенің ең басты кейіпкері "Әліппе" болды, ол балаларға өзінің алғысын айтты. Оқушылар жарты жылдың ішінде меңгерген білімдерін көрсете алды. Ата-аналар да өз көмектерін көрсетті. Ең соңында сынып жетекшілері "Әліппе " оқулығын бітіргені туралы куәлік табыстады.