17 наурыз "Мәдениет және ұлттық дәстүр күні" аясында "Наурыз мейрамы" тойлауға байланысты "Чириковка орта мектебі " КММ бастауыш буынында қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі "Бесікке салу" рәсімі өткізілді
17 наурыз "Мәдениет және ұлттық дәстүр күні" аясында "Наурыз мейрамы" тойлауға байланысты "Чириковка орта мектебі " КММ бастауыш буынында қазақтың ұлттық дәстүрінің бірі "Бесікке салу" рәсімі өткізілді. Бесікке салу- бұл жас отбасында нәресте дүниеге келген сәтте өткізіледі, нәрестені ең алғаш рет жайлы төсегіне бөлейді. Бесікке салуды ең құрметті әйел адамға немесе жасы үлкен әжелерге ұсынады. Нәрестені бесікке салмас бұрын бесіктің құрал- жабдықтарын әзірлеп алады, содан соң нәресте шошымауы үшін бесікті аластап алады. Содан соң нәрестені бесікке салып, нәресте өскенде тәртіпті, инабатты болып өссін деп үлкендердің сырт киімімен 7 жамылғы жабады. Гүлмира Жоламанқызы өскелең ұрпаққа әр қадам бойынша жеке тоқталып түсіндірді. Және де балалар "Бес асық" ұлттық ойынын ойнап үйренді. Іс- шараның негізгі мақсаты-бұл өскелең ұрпаққа өз ұлттық дәстүрлерімізді тереңірек білуге, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқанын ұғындыру. Өз халқымызға деген сыйластығымызды, Отанымызға, ұлтымызға деген махаббатымызды кеңейту. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып татулыққа баулу.





