25 сәуірінде Ұлы Отан Соғысының 80-жылдығын тойлау аясында "Чириковка орта мектебі " КММ оқушылары Заречный ауылдық округының тыл еңбеккері Войцеховская Юлия Ивановнаға барды.


2025 жылдың 25 сәуірінде Ұлы Отан Соғысының 80-жылдығын тойлау аясында "Чириковка орта мектебі " КММ оқушылары Заречный ауылдық округының тыл еңбеккері Войцеховская Юлия Ивановнаға барды.
Юлия Ивановна лайықты, үлгілі тыл еңбеккері өз өмірін адал еңбекке және туған жеріне арнады.
Дастархан басында ол кісі өз жұбайы Иван Цезаревич екеуінің қиын қыстау кездегі еңбектері мен өмірлері жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл кездесу оқушылар үшін нағыз ерлік, өткенге деген сыйластық және үлгі екенін көрсетті. 1963жылы ол кісі өз жұбайымен Қазақстанға келіп Есіл ауданы Чириковка ауылына орналасқанын айтты. Келген жылдары кірпіш зауытында еңбек етіп, содан кейін өз тағдырын мал шаруашылығына арнап, көп жылдар бойы сауыншы болып жұмыс атқарды.
Юлия Ивановна көптеген мемлекеттік және еңбек ордендерімен марапатталды. Оның ішінде Еңбек Қызыл Ту орденымен және III дәрежелі Еңбек Даңқы медалімен, "Құрметті ардагер" КСРО- ның халық шаруашылығына қосқан үлесі үшін марапатталды. Ол кісі кәсіптегі жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен, дипломдармен көзге түсті. Ол кісінің есімі КСРО- ның Алтын кітабына енді "КСРО-ның Қазақ шаруашылығындағы құрметті жұмысшысы" Бүгінде Войцеховскийлар отбасы біз үшін үлгі тұтарлық еңбексүйгіш өз ісіне адал жандар.

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы,
Чириковка с. Коваленко 5

Тел.: 8(7154) 32-53-36
Пошта: 4irikovka_school@mail.ru


Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2025 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx