16 қазан күні біздің мектепте 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен қызықты спорттық шара – «Күзгі марафон» өтті.
16 қазан күні біздің мектепте 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен қызықты спорттық шара – «Күзгі марафон» өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, командалық рухты қалыптастыру және денсаулықты нығайту болды. Балалар түрлі эстафеталарға, жүгіру жарыстарына және қимыл-қозғалыс ойындарына белсене қатысты. Әр сынып ұйымшылдық пен белсенділікті, жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Күз мерекесі көңілді, жарқын және әсерлі өтті. Барлық қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы – олар шат көңіл мен сергектікке бөленді.



