28 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында"Чириковка орта мектебі " КММ оқушыларымен «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.


28 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында"Чириковка орта мектебі " КММ оқушыларымен «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді. Сабақ қатысушылардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды. Кездесу барысында адам мен азаматтың негізгі құқықтары, сондай-ақ қоғамда өмір сүру үшін қажетті міндеттер қарастырылды.
Сабақтың мақсаты — қатысушыларды өз құқықтары мен міндеттерімен таныстыру; құқықтар мен жауапкершіліктің өзара байланысын көрсету; заңға және басқа адамдардың құқықтарына құрмет сезімін дамыту.
Сабақ барысында әңгіме жүргізіліп, өмірлік жағдайлар талқыланды. Қатысушылар күнделікті өмірден алынған мысалдарды талдап, құқықтар мен міндеттердің айырмашылығын ажыратуды және жанжалдарды заңды жолмен шешу тәсілдерін үйренді.
Image
Image
Image

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы,
Чириковка с. Коваленко 5

Тел.: 8(7154) 32-53-36
Пошта: 4irikovka_school@mail.ru


Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2026 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx